«Босатқан құңдағынан маржан сөзді» атты тақырыптық кеш


Сырдария аудандық балалар кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен оқу залында Ақын, аудармашы Тұрмағанбет Ізтілеуұлының туғанына 135 жыл толуына орай «Босатқан құңдағынан маржан сөзді» атты тақырыптық кеш мектеп оқушылары арасында өткізіліп, барлығы 18 адам қатысты. Мәдени шараның мақсаты: Ақын, аудармашы Тұрмағанбет Ізтілеуұлының өмірі мен шығармашылығын кеңінен айтып насихаттап таныстыру. Қазақ әдебиеті мен мәдениетіне айрықша үлес қосқан, суырып салма ақындығымен, ерекше талантымен елге танылып, «Сыр сүлейі» атанғандығын, жазбаша айтыстың дамуына өзіндік үлесін қосып, Сыр бойындағы жазба айтыс мектебін қалыптастырушылардың бірі болғандығын айтып оқырмандарға насихаттап жеткізу болды. Сөз өнерінің өміршеңдігін өнеге еткен өлеңдері, дастандары, жазба айтыстарын діни айтыс, хат айтыс, жұмбақ айтыс, мысал айтыс деп жіктеуге болатындығын айтып жеткізу. Ол жазбаша айтыстың дамуына өзіндік үлесін қоса отырып, Сыр бойындағы жазба айтыс мектебін қалыптастырушылардың бірі болғандығын айту. Ақын 1936 жылы Фердоусидің “Шаһнамасын” қазақ тіліне еркін аудармасын жасап, бұл шығарманы М.Әуезов, С.Сейфуллин, Т.Жүргенов, т.б. зерттеушілер жоғары бағалағандығые айтып жеткізу болды. Оқу залында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған «Назым жырдың дүлділі» атты арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.