«Біздің ғасырымыздың басты дерті – нашақорлық» атты салауатылыққа баулу сағаты


Сырдария аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 26 маусым – Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне орай «Біздің ғасырымыздың басты дерті – нашақорлық» атты салауатылыққа баулу сағаты аудандық демалыс паркінде демалушы жастармен өткізіліп, шараға барлығы 17 адам қатысты.

 Шараның мақсаты: Жастарды жаман әдеттерден сақтандыру, ішімдікділік пен темекінің жас организмге зияны осы никотин мен алькоголдың әсерінен түрлі қатерлі ауруға шалдығып, өкінішке ұрындыратындығы жайлы жан- жақты мағұлматтар беру.

Шараны кітапхана қызметкері жүргізіп, қазіргі таңда бүкіл әлемді тоғандырып отырған мәселелердің бірі- адам денсаулығы екендігін айтып өтті. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2030 стратегиялық даму бағдарламасында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен болатын. Олай болса Болашақ Қазақстанның жастары салауатты да тәрбиелі, шыныққан шымыр, экологиялық сауатты болуы керек екендігін, Нашақорлық- барлық қылмыс пен қатігездіктің, мейірімсіздік пен дінсіздіктің негізі екендігін айтып, жастарға жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды. «Біздің болашағымыз есірткісіз өмір» атты кітап көрмесімен таныстырылды.