«Білім шыңына кітаппен бірге» атты библиодуман


С.Сейфуллин ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 2 сәуір- Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Білім шыңына кітаппен бірге» атты библио- думан болып өтті. Мәдени шараға № 137 мектептің 1-4 сынып оқушылары мен мектеп мұғалімдері, клуб қызметкерлері, клуб мүшелері қатысты.

Мақсаты: Оқырман мен кітап арасындағы байланысты нығайту, оқырмандардың тіл байлығы мен кітапқа қызығушылығын арттыру,кітапты сүйе білуге және қадірлей білуге үйрету. 2 сәуір халықаралық балалар кітабы күніне арналған кеште кітапханашы кештің шығу тарихы мен қазіргі кездегі кітаптың маңызы зор екенін айтып өтті.Ақын Қастек Баянбаевтың «Наурыз»,» Тырналар»,» Батыр»,»Әжем», «Немере»,»Құрдастар»,»Бес қару» өлеңдері оқылды.сонымен қатар кеште кітапханаға келіп түскен балаларға арналған жаңа әдебиеттермен таныстырылды. «Кітапты оқы, зердеңе тоқы» атты кітап көрмесі жасалды. Оқушылар өздерінің оқыған кітаптарының мазмұнын айтып берді. Кітап рухани қазына, Кітап адамның дүниетанымын кеңейтеді. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Кітап оқу баланың ой- өрісін кеңейтеді деп қортындылады.