«Дәрілік өсімдіктер-жанға шипа,дертке дауа» атты әңгіме сағаты


Сырдария аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Дәрілік өсімдіктер-жанға шипа,дертке дауа» атты әңгіме сағаты өткізіліп, барлығы 17 бала қатысты. Мәдени шараның мақсаты: Жас оқырмандарға адам баласы кейбір өсімдіктердің тағамдық жағына қоса әр түрлі ауруларды емдеуге пайдалануға болатындығы жайлы айтылып, елімізде өсетін дәрілік өсімдіктердің ботаникалық сипаттамасымен танысып, оларды жинау, қандай ауруларды емдеуге қалай пайдалануға болатындығы туралы толық ғылыми тұрғыдан тусініктер беру.