«Ел тірегі, ел бақыты – Ата Заң» атты таным сағаты


Ақжарма ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен кітапхананың оқу залында «Ел тірегі, ел бақыты – Ата Заң» атты таным сағаты болып өтті. Шараға тұрақты оқырмандар, мекеме басшылары, ауыл сақшысы барлығы 38 адам қатысты. Кеш Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Кешті кітапханашы жүргізді. Сөз кезегін алған ауыл әкімгершілігінің Заң қызметкері Жәлімбетова Бекзат «Ата Заң біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар көзі. Конституция мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы, жарасқан еліміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі» – деп сөзін сабақтады. Ауыл сақшысы «Жастарды тәрбиелеуде ата-ананың міндетіерекше. Қай ата-ана болмасын балаларының тәртіпті де тәрбиелі болғанын қалайды.Сондықтан айтарым ауыл халқын бір кісідей ауылымыздың тыныштығын сақтайық»-деп сөзін аяқтады. Шара барысында №130 Абай орта мектебінің оқушылары Айжан Босатқанова, Мереке Әбиева тақырыпқа байланысты өлеңдерін тарту етті. Кітапханашы «Ата Заңым – қыран биік тұғырым» атты көрмеге шолу жасады: Нәтижесінде кітапханаға оқырман тіркелді.