«Жаман әдеттен жирен-жаксылықты үйрен» атты пікір-талас кеші


Айдарлы ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Жаман әдеттен жирен-жаксылықты үйрен» атты пікір-талас кеші кітапхана оқырмандары, ауыл жастары арасында өткізіліп, барлығы 26 адам қатысты. Мақсаты: болашақ еліміздің әрбір азаматын зиянды әдеттерден, ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктен сақтандыру, олардың денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіру, өркениетті елімізге лайықты, зиянды әдеттерге қарсы күресетін білімді тұлға тәрбиелеу. Тазалыққа, лас істерден аулақ болуға, тән сұлулығын қатар сақтауға тәрбиелеу. Өскелең жас ұрпақты қазіргі қоғам талабына сай салауатты,білімді ұрпақ тәрбиелеу. Жастар арасында зиянды заттардың салдары туралы білімін кеңейту,оқушының ой-пікірін ортаға салу.