«Жастар –жаман әдеттерден аулақ болайық» атты таным сағаты


Жетікөл ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне орай «Жастар –жаман әдеттерден аулақ болайық» атты таным сағаты кітапхана оқырмандары, жастар арасында өткізіліп, барлығы 18 адам қатысты. Мақсаты: жастарды жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Әдептілікке, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу. Әдептілік қағидаларын меңгерте отырып, зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға шақыру.Салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру.