«Жастар таңдауы – спорт» атты іс-шара


Асқар Тоқмағамбетов ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында «Жастар таңдауы – спорт» атты іс-шарада қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақ спорттық сайыс өтті. А.Тоқмағамбетов атындағы №135 мектептің 4-5-6 сынып оқушылары мен ұстаздар қатысып, барлығы 38 адам қатысты. Мәдени шараның мақсаты: Тоғызқұмалақ ұлттық ойынның тарихымен таныстыру, негізгі ережелерін үйрету. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, математикалық амалдарды тез санау, ой – өрісін толық дамыту және компьютерлік сауаттылықа, ұқыптылыққа, дайын бағдарламамен өз бетімен жұмыс жасауға, сондай-ақ оларды ұйымшылдыққа достық  қарым-қатынасқа, ұжымдылыққа бейімдеу мақсатында өткізілді.

Қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан – балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрі- тоғызқұмалақ – тамаша ойын.

Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған.
Тоғызқұмалақ – еліміздің дәстүрлі ұлттық ойындарының бірі. Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын. Тоғызқұмалақ – шахмат, дойбы секілді арнаулы тақтада ойналады. Бұл ойын терең ойды талап ететін Оның тақтасы ерекше. Бұрынғы кезде тақтасыз, жерден шұңқыр қазып ойнайтын болған. Тақтаның шұңқыры, қазаны бар.

Тоғызқұмалақ математикалық ойын. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалған мәдениет үлгілерінің бірі – тоғызқұмалақ ойыны.

Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақ спорттық сайысқа қатысқан оқушылар А.Тоқмағамбетов атындағы №135 мектептің 4 сынып оқушылары Сәбитұлы Еркебұлан, Темірбек Азиз,Әбіләкім Нұрдәулет.5сынып оқушылары Ажарова Б,Рүстембекова А,Рүстембек Тоқжан, Мұратова Н,Саханұлы Е,Нұғымадилла Н,Ахметбек Ә,Әділбек Д,Талғат Д.6 сынып оқушылары Бақытжанұлы Ақылбек Рүстембекова Жансая.Сайысты қадағалаған арнайы әділ-қазы мүшелерінің шешуімен. Сайыс нәтижесі бойынша І-дәрежелі диплом 5 сынып оқушысы Мұратова Наргиза, ІІ- дәрежелі диплом 5 сынып оқушысы Рүстембекова Тоғжан ІІІ-дәрежелі 5 сынып оқушысы Рүстембекова Алтынай оқушылары иеленді. Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақ спорттық сайысқа белсенділік танытқан оқушылар алғыс хатпен марапатталды. Кеш барысында «Спорт- сенің серігің» – кітап көрмесімен таныстырылды.