«Заман келбеті-Ата Заң» атты тақырыптық кеші


Шіркейлі ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Заман келбеті-Ата Заң» атты тақырыптық кеші өткізіліп, барлығы 19 адам қатысты.

Мәдени шараның өту мақсаты: Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру.Жастарымызды өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету, өзіндік шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту. Құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу болды. Кеште бірінші кезекте сөз алған ауыл ардагері Біләл Мақашев мерекелік шараға қатысушыларды Конституция күнімен құттықтап: Сан ғасырлар армандаған Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі еліміздің демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат Конституция қабылданғандығын, және Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың дамыған 30 елдің қатарына қосылу жөніндегі стратегиясын орындау мақсатында елімізде, халқымыздың әлеуметтік – экономикалық дамуына бірқатар игі істер атқарылып жатқандығын,соның бір көрінісі ауылымыздан ашылып жатқан жаңа 650 орындық мектеп, ауылымызды абаттандыру, жаңа көшелердің салынуы, міне осылардың бәрі еліміздің Ата заңы аясында, жасампаз жаңа дәуірге қадам басқаны.Ата заңымыз – Елбасы ұсынып, халық қолдаған, елімізді биік белеске шығарған, тарихи маңызы аса зор құжат. Ата заңымызды ардақтау- келешекке бет бұрған әрбір азаматтың асыл парызы деді. Мерекелік шара өту барысында мектеп оқушылары мен ауыл жастары, Қазақстан, Ата заңымыз, Рәміздеріміз, Туған жер, Отан туралы өлеңдер оқып, әндер шырқады.Мәдени шара соңында кітапханашы «Ата Заң- айбыным» атты тақырыбында жасалынған кітап көрмесімен таныстырды.