«Зерделі сөздің зергері» атты бір жазушы сағаты


Сырдария аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақтың белгілі жазушысы Мұхтар Әуезовтың туылғанына 120 жыл толуына орай «Зерделі сөздің зергері» атты бір жазушы сағаты өткізіліп, шараға 21 адам қатысты. Шараның өту мақсаты: Қазақ халқының классик жазушысы, драмашы, публицист, зерттеуші, аудармашы, әрі қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туылғанына 120 жыл толуына орай жазушының өміржолы мен шығармаларын кең көлемде насихаттай отырып кітапқа деген қызығушылығын арттыру болды. Мәдени шараны кітапхана қызметкері Жанар Оразымбетова жүргізіп, қазақтың біртуар ұлы көркемсөз зергері жазушысы Мұхтар Әуезовтың шығарлары жайлы айтылды, «Абай жолы» роман эпопеясы қазақ әдебиетінің ғана емес, кешегі бүкіл кеңес әдебиетінің де дүние жүзілік даңққа бөленген ұлы туындысы екеніне тоқталды.Шара барысында Жазушының өміржолымен кітапханашы Ләззат Жұмабаева таныстырып өтті. Кеште жазушыға арналып жазылған ақын Төлеген Айбергеновтың «Мұхтарға» өлеңін Бексұлтанова Балнұр, ақын Иранбек Оразбаевтың «Әуезовке» өлеңін Қуаныш Сымбат ақын Кәкімбек Салықовтың «Мұхтар аға» өлеңін Төлегенова Қаракөз, ақын Жүрсін Ермантың «Мұхтар Әуезовтың қабырының басында жазылған жырлар» өлеңін, Ақжүнісова Томирис нақышына келтіре жатқа оқып көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. . Шара барасында бөлім меңгерушісі Қосымова Әсем жазушының шағармалары жайлы айтып, «Қараш- Қараша оқиғасы» повесінің нақты тарихи шындыққа құрылып, қыр қазағы Рысқұл Жылқайдаровтың басынан кешкендерін шығармаға арқау еткендігіне тоқталды. Мәдени шара соңында «Рухы биік қаламгер» атты кең көлемде кітап көрмесімен таныстырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.