«Информатика дарабозы» атты ойын сағаты


Сырдария аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Информатика дарабозы» атты ойын сағаты кітапхананың белсенді оқырмандарының қатысуымен өткізіліп, шараға барлығы -17 адам қатысты.                         Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютерлік жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және оны өмірде қолдана білуге ықпал жасау. Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, компьютерлік сауаттылыққа, ізденпаздыққа тәрбиелеу. Шараны кітапхана қызметкері жүргізіп, шараның мақсаты мен өткізілу барысын таныстырып өтті. Ойынға қатысушылар 4 тур бойынша сайысты.               1-тур: «Бәйге», 2-тур: «Ғажайып алаң»,3- тур: «Полиглот»,4-тур:         «Кім жылдам?». 1-тур: «Бәйге» атты бөлімінде топтар берілген түсті конверттерді таңдап, ішіндегі берілген сұрақтарға жауап берді, әр сұрақтың дұрыс жауабына 10 ұпай берілді.2- тур: «Ғажайып алаң» бөлімінде сайыскерлер Программалар тақырыбы бойынша 10,20,30,40 ұпайларды таңдап олардың астындағы сұрақтарға жауап берді. 3- тур: «Полиглот» бөлімінде берілген сұрақтарға үш тілде жауап берілді, үш тілде жауап бергендерге15 ұпай, екі тілде 10 ұпай, бір тілде 5 ұпай берілді. 4-тур: «Кім жылдам?» бөлімінде сайыскерлерге 5 сұрақтан беріліп, жылдам, әрі нақты жауап берген сайыскерлер жеңіске жетті.