«Киелі сахнаның ардақты азаматы» атты бір актёр сағаты


Сырдария аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен кітапхананың оқу залында Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтың 80 жыл толуына орай «Киелі сахнаның ардақты азаматы» атты бір актёр сағаты өткізілді. Бұл шараға мектеп оқушылары мен мәдениет үйінің қызметкерлерінің қатысуымен болды. Шараның мақсаты: Қазақстанның Халық әртісі, кинорежиссер Асанәлі Әшімов жайлы көбірек мағлұматтар беру. Асанәлі Әшімовтің еңбек жолымен театр мен кино саласындағы еңбектері айту. Сонымен қатар қазақ киносына қосқан үлесі айтылып баспадан шыққан кітаптарын таныстырып, кітаптарға шолу жасалды. Интернет тақтадан Асанәлі Әшімовтің журналистерге берген сұхбаты мен отбасы көрсетілді.