«Конституция – мәңгілік әділеттің қайнар көзі» атты кеші


Н.Ілиясов ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен кітапхананың оқу залында 30 тамыз Конституция күніне орай «Конституция – мәңгілік әділеттің қайнар көзі» атты конституция күніне арналған тақырыптық кеші мектеп оқушылары мен кітапхана оқырмандарының қатысуымен өтті. Кештің мақсаты: Оқушыларға Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру және Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Кешті жүргізуші кітапханашы. Ата Заң әрбір азаматтың конституциялық құқын танытатын, әр қазақстандық бұлжытпай орындайтын заңдардың темірқазығы, дүние есігін ашқаннан бастап, басың құбылаға қарағанға дейінгі уақытта сенің құқыңды сақтайтын, құр сөреде жатпайтын баталы заң екенін айтып өтті. Оқушылар Тыныштықова Тогжан, Аманжолов Б, Ерназаров Аслан, Ғабдуллаева Назерке, Төлепбергенова Балым, Накуов Диастар қазақ ақындарының ата Заң туралы жыр жолдарымен Ата Заңымыздың кейбір баптарын жатқа айтып берді.Кешті ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмабек Төребек ағай әрқашанда Туымыз тұғырлы, Елтаңбамыз еңселі, Әнұранымыз асқақтап, Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай деп тілейік деп қортындылады. Кітапханашы «Ата Заңым -мақтанышым, қорғаным» атты кітап көрмесімен таныстырып өтті.