«Кітапханалық инновациялық технологияларды жұмыс барысында кеңінен қолдану және жүзеге асыру» атты аудандық іс-тәжірибе алмасу семинары


Қазіргі құбылмалы әлемде және кәсіптік қызмет барысындағы өзгерістерге толы уақытта заманауи кітапхана бейтарап қала алмайды.

Қоғамның ақпараттануы және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты кітапхана қызметінің аясын кеңейту және мамандар құрамының сапасын жақсарту уақыт талабы. Кітапханашылардың ой өрісін кеңейту,олардың жаңа білімді меңгеруге деген ұмтылысын қолдау кітапхана мамандарының кәсіби деңгейін жоғарылату үшін қолданылатын басты құрал болып табылады. Кәсіби білімді жоғарылату жүйесіндегі әдістердің бірі – кітапханалық семинар.

Іс тәжірибе алмасу семинары дегеніміз игерілген кәсіби білім мен шеберлікті әріптестермен бөлісе отырып жаңашылдықты талқылау және тәжірибе алмасу. Сонымен қатар бұл шара арқылы әркім өзінің жеке тәжірибесін басқа әріптестеріне көрсетіп, таратуға мүмкіндік алады.

Іс тәжірибе алмасу семинары қатысушыларға тез, үнемді,жайлы жағдайда төмендегі ақпараттарды алуға ықпал етті:

  • тез өзгеретін қызмет түрі туралы өзекті және көлемді ақпарат алуға;
  • өздерін алаңдатып және толғандырып жүрген мәселелермен бөлісуге;
  • әріптестерге сұрақтарын қоюға мүмкіндік берді.

Семинарға қатысушылар қысқа уақыт ішінде жаңа технологияларды қолданудың авторлық әдістерімен тәжірибе жүзінде танысуға мүмкіндік ала отырып, кітапхана жұмысының жаңа түрлері және әдістері туралы ақпараттармен танысты.

Атқарылып жатқан жылдар бойы барлық жүйеге қарасты 15 ауылдық кітапханалар жаңа жұмыс түрлерін қолдана отырып, ақпараттық технологияларымен жұмыс жасауда. Сонымен қатар оқырманға қызмет көрсету сапасын жетілдіру арқылы әрбір кітапхана өздерінің қайталанбас келбеті мен стилін құрды. ХХІ ғасырда кітапхана саласын дамыту, пайдаланушыларға сапалы қызмет көрсету, жаңа технологиялық бағдарламаларды еңгізу, кітапхана қорын электронды нұсқаға еңгізу жұмыстарын дамыту мақсатында Сырдария аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Қоғалыкөл ауылдық модельді кітапханасында «Кітапханалық инновациялық технологияларды жұмыс барысында кеңінен қолдану және жүзеге асыру» атты аудандық іс-тәжірибе алмасу семинары өткізілді.Семинарға барлығы 29 адам қатысты.

 

 

 

Іс- тәжірибе алмасу семинарында: «Кітапхана қорлары электронды дәуірде: дәстүрлі және электронды ресурстар» атты тақырыпта Сырдария аудандық орталық кітапхананың «Кітап қорын толықтыру және жетілдеру» бөлімінің бөлім меңгерушісі Бакова Зоя баяндама жасады. Ал «Өлкетану-библиографиялық қызметтін инновациялық түрлері» атты тақырыппен баяндама оқыған кітапхана библиографы Сейтен Сайра тарихи-өлкетану жұмыстары жайында әңгімелеп, өлкетану бағытында жасалатын инновациялық жұмыстардың жаңа әдістері туралы ақпарат берді. Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде оқырман тарту және балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға ынталандыру мақсатында қызықты жобалар жұмыстары жүзеге асырылуда. Сондай жобалардың бірі «Желкен» әдеби-танымдық клуб жұмыстарының бастамалары мен жетістіктері туралы Жетікөл ауылдық кітапханасының кітапханашысы Сейтпанова Кенже таныстырды. Келесі сөз кезегін алған Інкәрдария ауылдық кітапханасының кітапханашысы Әлкенова Оралкүл «Электронды қолжетімділіктің инновациялық түрлерін дамыту» тақырыбына тереңірек тоқталды. Ол кітапхана қызметіндегі бағыттардың ішіндегі ең негізгісі және ең маңыздысы кітапхана саласында қолданылып жүрген жаңа ақпараттық технологиялар, электронды ресурстар, пайдаланушыларына қызмет көрсетудің жаңа формалары арқылы ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды қайта жаңғыртуға және сақтауға ықпал ету мүмкіндіктері бар екендігі жайлы мағлұматтар берді. Кітапхана ақпараттық, бос уақытта демалатын және білім беретін мекеме ретінде өз қызметі арқылы оқырманды тартуды қажет етеді. Атап айтатын болсақ: кітап қорындағы әдебиеттерді насихаттау және өз қызметтеріндегі инновациялық жұмыстарын дамыту және жарнамалау.

Пайдаланушыларға қызмет көрсету бөлімінің бөлім меңгерушісі Әсем Әбсеметқызы «Жаңа технологиялармен жұмыста дамыту және пайдаланушыларға қолжетімдігін жеңілдету» тақырыбымен шығармашылық тұрғыдағы ойларды жүзеге асыруға, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, пайдаланушыларға жаңаша турде жаңа технологиялармен, ғаламтор желісі арқылы қызмет қөрсету, инновацияны шебер енгiзе білу: ғылымның жетістіктерін iс жүзiнде қолданып, стратегиялық жоспарлау, маркетинг және жоба жұмысын кең қолдануы жайлы баяндама жасады.

 

 

 

 

Семинар барысында Әдістемелік библиографиялық бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Білім – күш» атты тренинг сұрақ- жауап ойыны және «Мен және менің ортам» атты топтық- психологиялық тренинг ойыны т.б. кешенді шаралары қамтылды. Тәжірибе алмасу семинарында «Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Гүлстан Сансызбайқызы кітапхана қай дәуірдеде, бәсекеге қабілетті, мәдениетті, рухани тұлғаны тәрбиелеп шығаруға маңызды рөл атқаратындығы, қазіргі заманауи кітапханашыға қажетті ең маңызды сипаттарды атап олар: «шығармашылық белсенділік пен қажыр-қайрат», «әуесқойлық», «ілгерішілдік» (прогрессивность), «мақсаттылылық», «жаңаны сезінушілік», «табандылық», ал абырой мен беделділікті қамтамасыз ететін себеп-шарт жаңалық енгізу арқылы ілгері дамып, алға баса білу керек деп тоқталып, неминар өз дәрежеінде өткенін айта келе, кітапхана қызметкерлеріне алдағы уақытта үлкен жетістіктерге жетуіне сенімін білдірді.