«Кітап –рухани азығың» атты мерекелік кеш


Қалжан ахун ауылдық модульді кітапханасының ұйымдастыруымен 2 сәуір- Балалар әдебиеті күніне орай «Кітап –рухани азығың» атты мерекелік кеш болып өтті.Кешке 4-5 сынып оқушылары қатысты. Кештің мақсаты: Кішкентай оқырмандардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, білуге деген құштарлығын қанағаттандыру,өзі өмір сүріп отырған ортаның қыр-сырын таныту.Әр елде жүргізілген тәжірибелер бойынша мынандай жағдайлар анықталған: Кітап оқитын адамдар белгілі бір мәселе төңірегінде тез шешім қабылдауға бейім,есте сақтау деңгейі, шығармашылық қабілеті жоғары, сөздік қоры бай, ойын еркін жеткізіп, елмен жақсы қарым –қатынаста болып, сындарлы ойлай алатындығымен ерекшеленеді екен.Кітапханада «Ертегілер әлемі», «Менің алғашқы кітабым», «Кітапасыл қазынаң» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды. Балалар кітап көрмесімен танысып, тамашалады. Олар Андерсеннің «Қар ханшасы» және халық ертегілері «Нанбатыр»,»Дудар қыз», Үш аю» кітаптарын дауыстап оқып, пікір алмасты. Кітапханашы балаларға «Сиқырлы таяқ» атты ертегіні дауыстап оқып беріп, балаларды кітаппен дос болуға шақырды.Кеш соңында 2 оқырман кітапханаға тіркеліп,9 кітап оқуға берілді.