«Кітап – ғажайып әлем» атты мерекелік кеш


Сырдария аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы мерекесіне орай «Кітап – ғажайып әлем» атты мерекелік кеш өткізілді. Мәдени шараның мақсаты: Окушыларға адам өміріндегі кітаптың маңызын, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру,кітапқа деген қызығушылы мен сүйіспеншілігін арттыру, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын, рухани байлығын, ой – өрісін дамыту. «Кітап –сарқылмас рухани қазына» дей келе,білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Мәдени шара кітапхананың алдынан басталып,кітапхана оқырмандары, балалар мен бүлдіршіндер бірнеше тапсырмаларды орындап, үш түрлі өткелдерден өтіп, мерекелік шара өткізілетін жерге көтеріңкі көңіл- күймен келіп жетті, оларды түрлі ертегі кейіпкерлері қарсы алып, мектеп оқушылары арасында қазақ, орыс т.б. халықтардың ертегілерінің кейіпкерлері арқылы түрлі көріністер көрсетілді. Балалар енді кезекте кітап, білім туралы викториналық сұрақтарға жауа беріп, мақал-мәтелдер айтып, жұмбақтар шешімін тауып, белсенді түрде қатысып, білімді екендерін көрсете білді.

Мәдени шара қызықты, әрі тартымды болып өтті. Нәтижесінде кітапханаға жаңадан 6 оқырман тіркеліп, 9 кітап оқуға берілді.