«Көкте- бұлбұл, жерде-тілім сайрашы» атты интеллектуалды брейн-ринг сайысы


Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне орай Аудандық балалар кітапханасының оқу залында «Көкте- бұлбұл, жерде-тілім сайрашы» атты интеллектуалды брейн-ринг сайысы мектеп оқушылары мен ұстаздар арасында өткізіліп, барлығы 25 адам қатысты.

Мәдени шара өткізілетін зал мерекеге сай безендіріліп, қазақ зиялыларының тіл туралы дәйек сөздері, түрлі-түсті шарлар ілініп, «Елдіктің түп қазығы-туған тіл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Мәдени шараның мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу болды.

Жүргізуші «Қазақстан халқы тілдерінің күні» мерекесімен құттықтап,         5 кезеңнен тұратын сайыстың шартымен таныстырып өтті.

І – кезең: «Бәйге» деп аталады. Әр топ берілген сұрақтарға тез және нақты жауап берулуі, ІІ – кезең: «Тіл – өнер» Мен ұнатқан үш пән» Полиглот.
Мақал – мәтелден жасырын тұрған сөзді табу, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде, ІІІ – кезең: «Кім жылдам»? Синоним сөздерді сәйкестіру, IҮ – кезең: Мына сөздердің ішінен тура мағыналы сөздерді тауып беру және Ү – кезең: Антонимдер жарысынан тұратындығын айтып, ойынға қатысушылар 2 топқа «Білім» және «Өнер» атты екі топқа бөлініп, әр топта ойынға сыныптан 4 оқушыдан қатысты. Мектеп оқушылары екі топқа бөлініп, әр топтың оқушылары қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерің ортаға салып білімді екендерін көрсете білді.Мәдени шарада мектеп оушылары Майбасарова Динара, Бакишев Бейбарыс,Жаппаров Батыржан қазақ ақындарының ана тіліне арналған өлеңдерін жатқа оқыды. Бекітілген әділ-қазылар алқасы білім сайысы өз мәресіне жеткенде екі топтың сайыскерлерінің жауаптары бойынша шешімін айтып, қортындылады. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мәдени шара соңында «Елдіктің түп қазығы-туған тіл» атты кітап көрмесі ұйымдастырыып, әдебиеттерге шолу жасалды. Мәдени шара өте қызықты әрі тартымды болып өтті.