«Көп оқитын оқырман» атты оқырман бенефисі


Айдарлы ауылдық модульді кітапханасының ұйымдастыруымен кітапхананың оқу залында № 139 орта мектептің оқушылары мен мұғалімдерінің және кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Көп оқитын оқырман» атты оқырман бенефисі өткізілді. Кеш қонағы кітапхананың тұрақты ең қарт оқырманы Рүстембеков Асан ағай. Кешті кітапханашы Андасбаева Гүлдана жүргізді. Балаларды қонағымызбен таныстырып, қонақты қошеметпен төрге отырғыздық. Жүргізуші: балаларға кітаптың қаншалықты қымбат қазына екенін айтып, қонағымыздың өмір жолымен таныстырып өтті. Сонымен қатар Асан атаның қандай әдебиеттерді сүйіп оқитыны жайлы айтылып, 1 жылда қанша кітап оқитынын дәлелдейтін оқырман формулярымен таныстырып өтті. Атайдың 2011 – ші жылмен 2017 жылдар аралығындағы оқырман формулярын балаларға көрсетіп 1 жылда 89-100 ден аса кітап оқығанына көздерін жеткізді. Асан ата тек қана біздің кітапханадан ғана 1 жылда 100-ден аса кітап оқып қана қоймай Облыстық Әбділдә Тәжібаев кітапханасының да тұрақты оқырманы екені айтылды. Кеш қонағына сөз беріліп атай балаларға кітап жайлы өз ойын, кітапқа деген қызығушылығының қай кезеңнен бастағаны жайлы және газет пен кітапты қатты құрметтейтінін кітап жыртқан адамды ұнатпайтынын айтты. Кітапты оқыған сайын рухани байлық алатынын, балаларға кітапты көп оқып, білімді азамат болуға шақырды. Балалар атайға түрлі сұрақтар қойып ойларындағы сұрақтарға тұшымды жауаптар алды. Жүргізуші: балаларға Асан ата жайлы газет беттеріне шыққан мақалалар жайлы айта отырып, газеттердегі мақалалардан үзінді оқып берді. Балаларды қызықтырған атақты ақын Мұхтар Шахановтың Асан атаның шаңырағынан дәм татып әңгімелескенде қай тақырыптан әңгіме қозғасада, қамшы салдырмай ақынды ақылмен мойындатқан екен. Сонда Мұхтар ағай: «Мынау дипломсыз академик қой» деген сөзін ықыласпен тыңдап атайдың білімділігіне таң қалды. Кеш соңында кітапханашы балаларды «Кітап құмар оқырман» атты кітап көрмесіндегі кітаптар мен таныстырып өтті. Сонымен қатар қонағымызға сыйлыққа «Қазақстанда кездесетін өсімдіктер» атты энциклопедиясын табыс етті. Атамыз балаларға батасын берді. Кітапхана қызметінде осындай озық жандардың болғаны керек-ақ.