«Көп тілді білген көпті ілер» атты интеллектуалды ойыны


Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Үштілділікті насихаттау мақсатында «Көп тілді білген көпті ілер» атты интеллектуалды ойыны Иса Тоқтыбаев атыңдағы №35 метептің 6 сынып оқушылары арасында өткізіліп, барлығы 17 бала қатысты. Мәдени шараны өткізу мақсаты: Оқушыларға тіл біздің ертеңіміз, ана тілімізді құрметтеуге және орыс тілін, ағылшын тілін біліп, үйренуге шақыру. Сайысқа «Сұңқар» және «Лашын» атты екі топ қатысып, 4 кезең бойынша өз өнерлерін көрсете білді.Осындай үлкен міндетті өздерінің кішкентай жүректерімен сезіне білген сайыскерлеріміз жақсы нәтиже көрсете білді. Ең алдымен 1-кезең бойынша өздерін өлең шумақ жыр жолдарымен таныстырып өтсе, 2-кезең бойынша орыс немесе ағылшын тілдерінде өлеңдерді жатқа оқып, ал 3- кезенде тіл туралы мақал- мәтел айтып, жауабы үш тілде айтылды. Соңғы 4-кезең полиглот ойыны бойынша өтіп, «Сұңқар» тобы өздерін тілдерді жақсы меңгеретіндіктерін көрсетті,ал екінші «Лашын» тобы өздерін білгірліктігі жағынан көрсетті.Сайысқа қатысушылар алғыс хаттарымен марапатталды.