«Көп тілді білген көп белесті бағындырады» атты тақырыбында шығармалар байқауы


Қалжан ахун ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен № 126 мектебінің мәжіліс залында «Көп тілді білген көп белесті бағындырады» атты тақырыбында шығармалар байқауы 9-10 сынып оқушыларының арасында өткізіліп, барлығы 25 адам қатысты.Мақсаты: Қазіргі таңда Қазақстан үшін үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. Қазақстан халқының рухани дамуымен қатар, бұл идея ішкі саясатымыздың жеке бағыты болып белгіленгендігін, Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлт-аралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – бұл әлемдік қарым- қатынас тілі екендігін айтып, насихаттау. «Үштілділік-бәсекеге қабілеттілік» атты кітап көрмесі ұймдастырылып, шолу жасалды.