«Көңілді старттар мен қазақтың ұлттық ойындары» атты ойын сағаты


Сырдария аудандық орталық кітапханасының ұйымдастырумен «Жалын» тынығу лагерінде «Көңілді старттар мен қазақтың ұлттық ойындары» атты ойын сағаты өткізіліп, барлығы 19 бала қатысты. Шараның мақсаты: Жас ұрпаққа ата – бабаларымыздан қалған көне ұмытылып қалған ойындарды еске түсіріп, денсаулыққа пайдалы жақтарын түсіндіру, насихаттау, жадымызда мәңгі сақтау. Балалардың қазақ ұлттық ойындары жайлы білімдерін жалпылау және дамыту. Қозғалыстың негізгі түрлерін, сондай – ақ тәртібі қатаң ойындардағы қозғалыстардың түрлерін орындау, машығын жетілдіру,достық, жолдастық бір-біріне көмектесу, жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу, балалардың ойынға деген қабілетін дамыту, ынталандыру, ерік – жігерін тәрбиелеу. Балалардың денесін шынықтыру, дұрыс дем алуын тәрбиелеу. Шара қазақтың ұлттық ойыны «Асық» атумен басталды. Балаларға асық туралы кішкене анықтама айтып ойынымыз басталып кетті. Келесі «Қол күрес» ойынымызға кезек келді. Бұл ойында ер жігіті бойжеткен болып бөлінбей бәрі қызыға ойынға ат салысты. «Тауық күрес» атты ойынымызда жігіттеріміздің күшін сынадық. Ер жігіттер бір – бірлерінен қалыс қалмай намысқа тырысты. «Саққұлақ» ойынына кезек келгенде жастар дем арасында ойын жайлы не білетіндерін ортаға салып ойын басталып кетті. Соңғы «Кім жылдам» атты ойынға қызығып балалар қызықты өтуіне ат салысты. Шара соңында жас ұрпаққа алғыс айтып қазақтың ұлттық ойындарын есте сақтап, ұмытпай қастерлеп, жадында мәңгі сақтау керектіктері айтылды.