«Мен өмірді сүйемін» атты топтық-психологиялық тренинг


Аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен кітапхана оқырмандары мен аудан студенттері арасында «Мен өмірді сүйемін» атты топтық-психологиялық тренингі өткізіліп, барлығы -17 адам қатысты. Мақсаты: Өңіріміздегі мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша қамқорлық жасау.Өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін- өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым- қатынасқа тусу мәдениетін және жағымды «Мен» деген концепциясын қалыптастыру.

Шараның басты мақсаты: Адамдар және мүмкіндігі шектеулі адамдар арасындағы қарым- қатынастың мәнің түсіндіру. Өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу.Жастардың өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне көмектесу.Жастарды белсенді жұмыс жасауға, ниетті қалыптастыру.