«Назым жырдың дүлдүлі» атты әдеби-жыр кеші


Сырдария аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Сыр елінің тума таланты, ақын, аудармашы Тұрмағамбет Ізтілеуовтың туғанына 135 жыл толуына орай «Назым жырдың дүлдүлі» атты әдеби-жыр кеші кітапхананың белсенді оқырмандарымен өткізілді.

Мәдени шараның мақсаты: Сыр өңірінің сүлейлерінің бірі, дүлдүл ақын, талантты сөз зергері Тұрмағанбет Ізтілеуовтің ақындық мұрасымен таныстыру Тұрмағанбет поэзиясының өзіндік ерекшелігін айқындау. Тарихи тұлғаларды танып білуге, жастарды білім алуға үндеу, ғылым – білімнің адам өміріндегі маңызына көздерін жеткізу. Ақыл ойларын ізденімпаздықтарық қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Шараны кітапхана қызметкері жүргізіп, Сыр бойының әйгілі ақын- шайыры Тұрмағанбет Ізтілеуовтың өмірімен шығармаларын қысқыша таныстырып өтті. Ақын мұрасының ең маңызды бөлігі шығыс әдебиетінен тараған мысал, тәмсіл, хикая, қисса, дастандар екендігін, парсы поэзиясының ұлы ескерткіші- «Шаһнаманы» еркін аударған ақының бұдан оншақты жыл бұрын «Рустем-Дастан» деген атпен жарық көрген жайлы айтып, шығарманның мазмұнына тоқталып өтті. Кітапхананың белсенді оқырманы Қожаков Астрахан ағай оқырмандарға қазақ әдебиеті мен мәдениетіне айрықша үлес қосқан, суырып салма ақындығымен, ерекше талантымен елге танылып, «Сыр сүлейі» атанған Тұрмағамбет Ізтілеуов ақын жайлы ауыл ақсақалдарынан есіткен естеліктері, өлеңдері жайлы айтып берді. Мектеп оқушылары ақынның «Шәкірттерге», «Балаларға», «Қамын ойла, халықтың» атты өлеңдерін жатқа оқып көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Ақынның шығармаларынан «Сыр сүлейі – Тұрмағамбет» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып әдебиеттерге шолу жасалды. Шара нәтижесінде кітапханаға жаңадан 2оқырман тіркеліп, 7 кітап оқуға берілді.