«Ою-өрнек тамаша еңбек» тақырыбында өнертану сағаты


Сырдария аудандық балалар кітапханасында «Ою-өрнек тамаша еңбек» тақырыбында өнертану сағаты кітапхана оқырмандары, мектеп оқушылары арасында өткізіліп, барлығы 16 адам қатысты. Мәдени шараның мақсаты: Ұлттық ою-өрнектің пайда болу тарихы туралы кеңінен таныстыру. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері туралы білімдерін тереңдету, балалардың ұлттық өнердің сән және қол өнер түріне деген сүйіспеншіліктерін, көркемдік эстетикалық талғамдарын дамыту, халықтың тұрмыс-салт дәстүріне қызығушылықтарын ояту, шығармашылық ойлау қабілеттерін, жұмысқа тарту арқылы белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.