«Оқы талма, түй санаңа жас бөбек» атты білім сайысы


Қоғалыкөл ауылдық модульді кітапханасының ұйымдастыруымен 2 сәуір- Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Оқы талма, түй санаңа жас бөбек» атты білім сайысы болып өтті.Кешке мектеп оқушылары мен кітапхана оқырмандар мен мұғалімдер қатысты.

Мәдени шараның өту мақсаты: Рухани жан дүниемізді,білімізді молайтып үлгі-өнеге беретін ақылшы дос,білім көзі,рухани қазына кітап әлеміне шолу жасау,кітап әлемі адамды арман биігіне самғатып,ақыл,ой,сұлулық әлеміне шарлатып,білім-ғылым жолына жетелейтін ғажайып дүние екенін ұғындыру:көркем әдебиет оқуға тәрбиелеу болды. Мәдени шараға мектептің 4-5 сынып оқушылары арасында өткізілді.Сайысқа «Дарын»; «Талап» атты екі топ қатысып, өнерлері мен білімдерін ортаға салды.

1-кезеңде Сайысқа қатысатын команда тобының ұраны.

2-кезең«Кітап рухани қазына» атты тақырыпта поэзияға көңіл бөлеміз,әр ақынның өлеңін біз құрметтеп жақсы көреміз.

3-кезең «Кітап –алтын қазына»сұрақ-жауап

4-кезең.«Білім –кілті кітапта»мақал –мәтелдерді жалғастыру.

Шара барысында оқушылар кітап жайында қанатты сөздермен танысты, көріністер қойды, сондай–ақ өлең шумақтарын оқып, тіл байлықтарын арттыратын ойындар ойнады. Кітап туралы оқушылар пікірлерін айтты.Оқушылар 4 кезең бойынша сайысқа түсіп, өз білімдерін ортаға салды өнерлерін көрсеткен талапты,таланты балаларды алғыс хаттармен марапатталды.Сайыстың жеңімпазы аталған «Дарын» тобы танылды. «Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы» кітап көрмесі мен кітапханашы таныстырып, библиографиялық шолу жасады.Кітапханаға 3- оқырман тіркелді.