«Сирек кездесетін өсімдіктер сыры» атты таным сағаты


Н.Ілиясов ауылдық модельді кітапхананың ұйымдастыруымен оқу залында жастарға табиғатпен адам арасындағы байланысты дәріптеу, онда өсетін өсімдіктер дүниесін таныстыру мақсатында «Сирек кездесетін өсімдіктер сыры» атты таным сағаты өтті. Таным сағатында өсімдіктер деп –жер деп аталатын планетада тіршілік ететін тірі ағзалардың үлкен тобын атайтының,біздерді өсімдіктердің сан мыңдаған түрі-ағаштар, шөптер, жеміс-жидек пен көкіністер, сондай –ақ тамаша гүлдер қоршап тұрғаны. Күн сайын олардың мыңдаған түрінен ерекше әсер алып, табиғаттың тұнып тұрған қазынасын қажетімізге жаратамыз.Ал олардың жеке қасиеттерімен ерекшеліктері туралы көп біле бермейтініміз туралы айтыла келіп, «Қызыл кітап», «дәрілік өсімдіктер», сирек кездестін өсімдіктер» «Ізденсем, білсем» клубының мүшелері Мұхамбет Нұрасыл, Қонысбекқызы Алтынай,Тәуекелова Әлиялар қысқаша мәліметтер оқыса, ақын Қадыр Мырзалиевтың «Қызыл кітап» поэмасын Рыспаева Қызжібек мәнерлеп жатқа оқып берді. Таным сағатында кітапханашы «Табиғаттың тамаша ғажаптары» атты кітап көрмесіндегі әдебиеттермен таныстырып өтті.Нәтижесінде оқырман Тыныштыкова Тоғжан «Ботаника» кітабын жаздырып алды.