«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты ақпарат сағаты


Асқар Тоқмағамбетов ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары, кітапхананың белсенді, тұрақты оқырмандары арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты ақпарат сағаты өткізіліп, барлығы 16 адам қатысты.Мәдени шараның мақсаты: Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі екендігін айту. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өтпегендігін айта отырып, тарихи тереңнен бастау алған сыбайлас жемқорлық бүгінде бүкіл әлем қоғамдастығына қауіп төндіріп отырғандығын айтып насихаттау. Біздің республикамызда да бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған сәттен бастап, мемлекеттің бірінші кезектегі міндетіне айналып, қазіргі таңда қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатырғандығын айтып жеткізе отырып насихаттау болды. Шара соңында «Жемқорлықпен күресу-басты міндетіміз» атты кітап көрмесімен таныстырылып, кітаптарына библиографиялық шолу жасалды.