«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршамызға ортақ» атты брифинг


Сырдария аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу саясатының тиімділігін арттыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-баршамызға ортақ» атты тақырыбында брифинг өткізіліп, барлығы 18 адам қатысты.

Мәдени шараның өткізілу мақсаты: Қазақстан Республикасының азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу,анықтау, олардың жолын кесу және ашуға негізделетін болып табылатындығы және сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты- оның алдын алу болып табылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен тәрбиені қалыптастыру. Мәдени шарада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы жайлы айтылып, қоғамда белең алып жатқан сыбайлас жемқолықтың алдын алуға қоғам болып күресу қажеттілігі айтылды. Шара барысында кітапхана қызметкері Оразымбетова Жанар «Жемқорлық-дамудың тежеуші індеті» тақырыбында кітап көрмесімен кеңінен таныстырды.