«Сыбайлас, жемқорлық індет, күресу міндет» атты таным сағаты


№ 1 филиал кітапханасының ұйымдастыруымен «Сыбайлас, жемқорлық індет, күресу міндет» атты таным сағаты өткізілді. Мәдени шараға кітапхана оқырмандары, жоғары сынып оқушылары және ұстаздары қатысты.

Шараның өту мақсаты: Сыбайлас – жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру, дүниетанымдарын кеңейту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарауға, әділдікке және сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу болды. Шараны кітапхана қызметкері Л.Серікбаева жүргізіп, Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылатындығы жайлы айтып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру керек екендігін, сыбайлас жемқорлықтың елдің дамуына, экономикасының өркендеуіне тигізер зардаптары жайлы жан-жақты айтып, мағлұматтар беріп өтті. Шара соңында кітапханашы «Жемқорлыққа – жол жоқ» атты кітап көрмесімен таныстырылып, әдебиеттеріне библиографиялық шолу жасады.