«Сыбайлас жемқорлық – індет, күресу –міндет» атты брифинг


Ауданық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлық – індет, күресу –міндет» атты брифинг кітапхананың тұрақты оқырмандарымен өткізіліп, шараға 14 адам қатысты.

Мақсаты: 2015 жылдың 18 қарашасында қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы» Заң аясында қазіргі таңда елімізде жемқорлыққа қарсы жұмыстар жүргізіліп жатқанын насихаттап, сыбайлас жемқорлықпен күресу барша халқытың негізгі мақсаты екендігін түсіндіру.

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі екендігін, басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өтпегенін айтып мағұлматтар беру. Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық мүшелеріне, сондықтан жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсеткенін насихаттау болды.»Жемқорлық қоғам дерті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды.