«Сырдың сырбаз ақыны» атты бір ақын сағаты


Сырдария аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 2017 жылға арналған облыстық қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес Республикалық, облыстық баспасөз беттерінде өлең- жырлары жарық көріп келе жатқан ақын Жанұзақ Қожаберген Жидебайұлының «Сырдың сырбаз ақыны» атты бір ақын сағаты өткізіліп, барлығы 18 адам қатысты. Мәдени шараға Иса Тоқтыбаев атындағы № 35 мектеп- лицейдің 8 сынып оқушылары, сынып жетекшісі Райхан Шманова, кітапхана оқырмандары, кітапхана қызметкерлері қатысты. Мәдени шарада ақын Жанұзақ Жидебайұлының әр жылдары жазылған түрлі тақырыптағы жыр шумақтары, туған жерге, балаларға арналып жазылған өлеңдерін мектеп оқушылары нақышына келтіріп, жатқа оқыды. Шара соңында пайдаланушыларға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Жұмабаева Ләззат «Ақынын ардақтаған ел бақытты» атты кітап көрмесімен таныстырып, әдебиеттеріне библиографиялық шолу жасады. Нәтижесінде кітапханаға екі жаңа оқырман тартылып, төрт кітабы оқылуға берілді.

Мәдени шараның өту мақсаты: Алаштың анасы атанған Сыр елінің қасиетті топырағында батырдың да, ақынның да, әншінің де, күйшінің де табан ізі қалған. Талай ғұламаның ғибратты ғұмыр кешуіне куә болған Сыр елі бүгін де даңқы дүйім жұртқа тараған шайырлар мен сүбелі сөзді сырлы сезімге айналдырған ақындардан кенде емес. Осындай өмірін өлеңмен өрген Сыр топырағының төл перзентерінің бірі ақын Жанұзақ Қожаберген Жидебайұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттау. Талантты ақын Жанұзақ Жидебайұлының ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлендерінің мәнімен мазмұнын түсіндіру.