«Техника ғасыры-адам тағдыры» атты таным сағаты


Сырдария аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Техника ғасыры-адам тағдыры» атты таным сағаты өткізіліп, барлығы 21 балалар қатысты. Мәдени шараның мақсаты: XXI ғасыр техниканың дамуының шарықтау шегіне жеткен, даму, өркендеу, жалпы айтқанда техника ғасыры екендігін айту. Бір кездері адам баласына арман болған, қиял-ғажайып дүниенің барлығы қазір күнделікті тұрмыста қолданыста, барлығы да адамның жұмысын жеңілдету мақсатында жасалып, күннен-күнге дамып жатқан адам ойының жемісі екендігін жеткізу. Алайда адам өмірін жеңілдетеміз деп, түрлі заманауи техникалар жасағанымен, олардың пайдасынан гөрі зияны адам денсаулығына әсер етіп жатқаны ащы да болса шындық, әсіресе күнделікті қолданып жүрген компьютердің зиянын, бұл мәселе ғылымда дәлелденіп, әлде де зерттелу үстінде екендігін айтып насихаттап жеткізу болды. Болашақта ұрпақ денсаулығына кері әсерін тигізерін және ең бастысы адамзат тағдыры техниканың емес өз қолымызда екенін ұмытпағанымыз дұрыс деп өскелең жас ұрпаққа жеткізе отырып айту. Мәдени шара соңында «Адам және техника» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолу жасалды.Нәтижесінде кітапханаға 2 жаңа оқырман тартылып,5 кітабы оқылуға берілді.