«Теңіздей тебіренген ғазиз жүрек» атты әдеби жыр кеші


Сырдария аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен кітапхананың оқу залында Агротехникалық колледждің №39 топ оқушылары, №210 мектептің 8 сынып оқушыларының қатысуымен Зейнолла Әнәпияұлы Шүкіровтің – 90 жылдық мерейтойына орай «Теңіздей тебіренген ғазиз жүрек» атты әдеби жыр кеші өткізіліп, шараға 21 адам қатысты. Шараның мақсаты: Қазақтың бір туар ұлы, құрыш қазақ атанған, ақиық ақын, талантты жазушы, аудармашы, драматург Зейнолла Шүкіровтің өміржолмен таныстыру, шығармаларының маңызы жайлы түсінік беру, әдебиеттке қызығушылығын арттыру, жас оқырмандардың бойына адамгершілік,ізеттілік,төзімділік қасиеттерін қалыптастыру,туған елін, ана тілін сүюге тәрбиелеу.Бағзы заманнан айдынды Арал топырағы көкірегіне сәулелі ой ұя салған, маңдайы кере қарыс майталман таланттардан әсте кенде болмағанын,соның бірі де бірігейі Зейнолла Шүкіров екендігін айтып, ауыр бейнейттің, адам айтқысыз азаптың баршасына төтеп бере жүріп, мехнатының өзін де муза миуасына айналдырғанын айтып өтті. Жазушының Сыр бойының тұнған тарихын зерттеп, зерделеп, жинақтап, 4 кітаптан тұратын «Сыр бойы» атты тарихи романымен оқу залының кітапханашысы Д.Пазылбекова қысқаша таныстырып өтті. Жазушының өміржолымен шығармаларына қысқаша мағлұматты кітапхана қызметкері Л. Жұмабаева айтып өтті. Кеш барысында Агроколледждің мұғалімі, әрі жазушының жерлесі Қожамұратова Салтанат ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы естеліктер айтып берді. Оқушылар қазақ ақын- жазушыларының құрыш қазақ атанған З.Шүкіров жайлы жазған өлеңдерін оқыды. Айтып өтсек Сағи Жиенбаевтың «Құшақтауға жаралған бұлбұл құсым» өлеңін Ханзада Арайлым, ақын Балтабай Тәжімбетовтың «Шағала» атты өлеңін Өмірғалиев Арман, ақын Сабырхан Асановтың «Зейнолла Шүкіров» өлеңін Ханзада Арайлым, ақын Нұрлан Көбегеннің «Теңіздей телегей ақын» атты өлеңін Ергабылова Алуа нақышына келтіре жатқа оқып көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Шара барасында бөлім меңгерушісі Қосымова Әсем науқастығына қарамастан өз бетінше білімін көтеріп, тарихқа өшпес із қалдырған, бірнеше кітаптардың авторы жайлы айтып, жазушының кітаптарын оқуға шақырды.Кеш сонында кітапхана библиографы Сейтен Сайра «Теңіздей тебіренген ақын» атты кітап көрмесімен таныстырып, библиографиялық шолу жасады.