Бесарық ауылдық кітапхансында жазушы, ақын Зейнолла Шүкіровтың туғанына 90 жыл толуына орай «Теңізде жырын тербеген» поэзия үні кітапхана оқырмандары,ауыл тұрғындары арасында өткізіліп, барлығы 15 адам қатысты. Мақсаты: Бойына біткен бүкіл қабілет-қарымын туған халқының рухани қажетіне сарқа жұмсаған дара талант жазушы, ақын Зейнолла Шүкіровтың жырлары ғасырдан-ғасырға жетіп, кейінгі толқын ұрпақпен бірге болашаққа қарай батыл адымдай беретіні жөнінде айтып жеткізу, ақынның қөптеген шығармаларын оқи отырып, оқырмандарды елін сүюге,адамгершілік қасиеттерге баулу.