«Тіл-барлық білімнің кілті» атты интеллектуалды ойыны


Н.Ілиясов ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 22 қыркүйек- Тілдер мерекесі күніне орай «Тіл-барлық білімнің кілті» атты интеллектуалды ойыны өткізіліп,барлығы 17 адам қатысты. Мақсаты:Тек адам баласына тән тіл өнерінің аса құдіретті құрал екендігін айтып,сондықтан да тілді қадірлеудің,әрбір сөздің мағынасын, мәнін ұғып, оны пайдалана білудің мәні зор екендігін айтып,терең де бай ана тіліміздің аясының кеңі екендігін,бірінші кезекте оны құрметтей біліп,ата-бабамыздың қолданған сөздерін сөздік қорымызға қосып, жаңғыртудың аса маңыздылығы туралы айту.