«Тіршіліктің тірегі сен – Жер Ана» атты экология сағаты


Сырдария аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Тіршіліктің тірегі сен – Жер Ана» атты экология сағаты өткізіліп, барлығы 17 бала қатысты. Мәдени шараның өту мақсаты:Табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру.Оқушылпрды елін, жерін сүюге, қадірлеуге үйрету және табиғат қамқоршыларының қатарын молайту. Ойлау қабілетін, жалпы дүниетанымын,ғылыми көзкарасын дамыта отырып, өз елінің қамын ойлайтын, табиғат байлығын көз қарашығындай қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу. Өз Отанын құрметтеп, өз жерімізді ластанудан қорғауға ұмтылу,табиғат пен адам егіз әлем ретінде, бірін- бірі күтуге, аялауға міндетті екендігін айтып насихаттап жеткізу болды. Өз туған ауылымыздың, ауданымыздың экологиялық жағдайын сауықтыру ұшін жерді дұрыс пайдаланып, жасыл өсімдіктерді молайтып,суымызды ластамай табиғатымызды аялап, сақтап, оны таза күйінде болашақ ұрпаққа табыс ету әрбір азаматтың парызы екендігін айту болды. Шараның өтуіне орай «Табиғат және экология» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттеріне библиографиялық шолу жасалды.