«Ғажайып махаббат жыршысы» атты әдеби сазды кеші


Шіркейлі ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен кітапхана оқу залында әнші, сазгер Е.Беркімбайұлының туғанына 150 жыл тоуына орай «Ғажайып махаббат жыршысы» атты әдеби сазды кеші болып өтті.

Мақсаты: ХІХ ғасырдағы әнші- сазгер ақындардың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру. Сал –серілер поэзиясын терең ұғындыру. Әнші -сазгер ақындар шығармашылығы туралы білім дерін кеңейту. Халық әндерінің шығу тарихымен таныстыру. Қазақтың әнші- сазгер ақындарының шығармашылығына қызығушылыққа тәрбиелеу. Ұлттық өнерді құрметтеуге үйрету. Естай Беркімбайүлы – қазақтың көрнекті әншісі, ақын, композитор, Қаз. ССР еңбек сіңірген онер қайраткері 1873 жылы Павлодар облысының Ақтоғай ауданында кедей отбасында туған. Естай Қанжығалы руының ішінде Алмашы деген атадан. Ата-анасы бала кезінде еркелетіп Есмағамбетті Естай деп атап кеткен. Естайдың әншілігі, ақындық қабілеті ана сүтінен дарыған десе орынды. Оның анасы Күлипа, нағашысы Байтұлым ауыл арасында ғана емес, кезінде Кереку өңіріне аттары әйгілі әншілер болған. Жыр, дастан, толғау айтуды солардан үйренген, Естай ат жалын тартып мінуге жарағаннан бастап қолына домбырасын алып, ән айтуға талаптанады. Ол жасынан ауыл арасындағы ойын-сауықта тойдуманда ән салып «әнші бала» деп аталады. Естайдың арғы аталарында айта қалғандай әнші-күйші, ақын болмағанымен, нағашы жағы өнерден құр қалмаған. Нағашысы Қозған руынан кезінде белгілі әнші болған Байтұлым деген кісі. Естайдың шешесі Күлипа жақсы әнші, көркем дауысты, өткір адам болған. Өзінің «арқасы» болғаннан ба, Күлипа да кішкентай Естайдың әуесқойлығын ерте байқады. Он бес жаста Естай өз айналасында әнші бала, кейін әнші жігіт атанды. Оның бағына ол кездегі Павлодар уезінің жерінде әншілер көп болатын. Әсіресе ол өңірде аты шулы Біржан сал, Ақан сері сияқты әншілерді білмейтін, әнді құрметтемейтін кісі сирек кездесетін. Міне, осы бір дәстүр Естайдың тез шығуына, өнер жағынан ерте ер жетуіне шешуші себептің бірі болғандығын кітапханашы айтып жеткізді. Кешке қатысқан 11 сынып оқушылары Естайдың әндерін орындап, Жақсылық Ринат пен Әбусағатова Назым «Естай-Қорлан» поэмасынан үзінді оқыды. Кеш соңында оқушыларға кітапханашы «Ғажайып махаббат жыршысы атты» кітап көрмесімен таныстыпып,әдебиеттеріне библографиялық шолу жасады.