«Ғазиз жүрек» атты әдеби кеш


Жетікөл ауылдық модульді кітапханасының ұйымдастыруымен жазушы ақын Зейнолла Шүкіровтың туғанына 90 жыл толуына орай «Ғазиз жүрек» атты әдеби кеш өткізілді. Кеш «Желкен» поэзия клубының мүшелерімен бірлесе отырып өткізілді.

 Кештің мақсаты. Ақынның өмір жолы мен артында қалдырған асыл мұраларын оқырмандарға таныстыру арқылы жас өркендерімізді өз Отанын сүюге тәрбиелеу, туған елін, жерін қорғауға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімдерін ояту.Кешке мектеп оқушылары, ұстаздар және оқырмандар қатысты. Кеш барысында оқушылар Төлеу Назерке, Қырықпа Маржан,Әміралиева Аружан және Жұмабай Нұрсәуле ақынның өлеңдерін оқыса, музыка пәнінің мұғалімі Ниятова Қымбат С.Сейітмағанбетовтың «Зейнолланың соңғы монологын» домбырамен орындады. Ал Орынбай Руслан мен Әбдіғани Бауыржан Толыбай Абылаевтың «Зейнолла туралы балладасын»оқыды. Жәлел Жарқынбек болса ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың Зейноллаға арнаған жырын жатқа айтып берді. Мектеп оқушылары Қалдыбек Еңлік пен Қанатбек Назерке Зейнолла Шүкіров аталарына арнаған жүрек жарды жырларымен шашу шашты.Кеш соңында кітапханашы «Халық махаббатына бөленген қаламгер» атты кітап көрмесімен таныстырып, кітаптарға библиографиялық шолу жасады.