«Ғарыштың құпия әлемі» атты ғылыми танымдық кеш


Ақжарма ауылдық модульді кітапханасының ұйымдастыруымен кітапхананың оқу залында мектеп оқушыларымен бірлесе отырып 12 сәуір- Космоновтика күніне орай «Ғарыштың құпия әлемі» атты ғылыми танымдық кеш өткізілді.             Кештің мақсаты:Ғарыш кеңістігін игерудегі жетістіктерді қазіргі өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру. Балалардың тарихи, ғылыми танымын кеңейту,

білімділіктерін арттырып космоновтикаға деген қызығушылықтарын арттыру. Кеш барысында балаларға, ғылыми космоновтика туралы мағұлымат беріп, қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтың өмір жолдары мен жеке-жеке таныстырып өтті. Сонымен қатар Ғарыштағы ғарышкерлердің міндеттері мен ғарыштағы зерттеулері жайлы айтылды. География пәнінің мұғалімі Әбсадықов Гүлнафиса апай балаларға космоновтиканың түрлі құпияларын әңгімелеп берді. Кеш соңында кітапханашы Гүлдана апай кітап көрмесімен таныстырып кітаптарға шолу жасады. Сол күні кітапханаға 2 оқырман тіркелді.