«Ғарыш жолы – қиын жол» атты тақырып кеші


№2 филиал кітапханасының ұйымдастыруымен 12 сәуір-Ғарышкерлер күніне арналған «Ғарыш жолы – қиын жол» атты тақырып кеші №131 орта мектебінің 5,6 сынып оқушылары және сынып жетекшілерімен бірігіп барлығы 18 қатысты.

Шараның мақсаты: Әлемдегі тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин екендігін айту, 1961жылдың сәуір айының 12 жұлдызын осы ғарышқа тұңғыш сапар шеккен күннің құрметіне берілгенін түсіндіру.1961-63жылдар аралығында біздің еліміздегі алғашқы ғарыш сапарлары «Восток» әуе кемелері арқылы жүзеге асырылдығығы жайлы мағлұмат беру.Шараға балалар белсене қатысып өз ойларымен бөлісіп отырды.№131 орта мектептің Физика,астрономия пәндерінің ұстазы Қуанышқызы Арайлым «Ғарышқа жол» атты баяндама жасады.Шараға сәйкес жасалған «Он сегіз мың ғалам» атты кітап көрмесімен таныстырып,шолулар жасалды,кітапханаға екі оқырман тіркелді.