«Ғасырдың дарабоз ақыны» атты жыр сағаты


Сырдария аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Ақын, драматург Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халықаралық «Алаш» және тәуелсіз «Тарлан» сыйлықтарының иегері Иранбек Оразбаевтың туылғанына 70 жыл толуына орай «Ғасырдың дарабоз ақыны» атты жыр сағаты № 35,№36 мектеп-лицей мектептерінің 10-11 жоғары сынып оқушыларымен кітапхана оқырмандарының қатысуымен өткізілді. Мәдени шараны кітапхана қызметкері Д.Пазылбекова жүргізіп, ақынның өміржолымен таныстырып өтті. Күллі қазаққа Иран-Ғайып есімімен танылған ақынның шын аты-жөні Иранбек Оразбаев екенін біреу білсе, біреу білмес. Ол қазақ өлеңіне өндірте жазумен ғана емес, өзінше, өзгеше жазуға ұмтылысымен де танылған талант. Ақынның эпикалық туындылары, негізінен, махаббат, соғыс пен бейбітшілік, Отанға деген адалдық, болашаққа деген сенім сияқты мәңгілік тақырыптарға арналған екендігін айтып, Иран -Ғайып жайлы жазылған ақын жазушылардың естеліктерінен үзінділер оқыды. Ақынның «Үміт дүниесі» өлеңін Асанов Дәулет, «Қарияның сөзі» өлеңін Омарова Жанел, «Сөз патшасы»өлеңін Жамаханова Арайлым, Қазақтың батыры, партизан Қасым Қайсеновке арналған арнау өлеңін Асықбаева Күнсұлу, «Тілім менің» өлеңін Арман Өмірғалиевтар жатқа оқып көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Ақынның шығармаларынан «Ақын еді ол тәңірі өзі жаратқан» атты кітап көрмесі ұйымдастырып, әдебиеттерге шолу жасалды.