«Қазақтың Дунаевскиі» атты таным сағаты


Айдарлы ауылдық модульді кітапханасының ұйымдастырумен кітапхананың оқу залында қазақ халқының талантты композиторы Бақытжан Байқадамовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақтың Дунаевскиі» атты таным сағаты өткізілді. Таным сағаты мектеп оқушыларымен бірлесіп өткізілді. Бұл кешке музыка пәнінің мұғалімі Дурманова Роза қатысты. Кітапханашы композитордың өмірі мен өнер жолын таныстырып өтті. Роза Дурманова экраннан балаларға композитордың шығармашылығындағы әндерді көрсетіп, тыңдатты. Таным сағатының мақсаты: балаларға мәдени мұраны жақсарту, кәсіби музыканы тыңдауға оның маңызын түсініп, қадірлей білуге тәрбиелеу. Бақытжан Байқадамов атамыз тамаша әндер шығарған және хор өнерін қалыптастыруға зор үлес қосқан, сонымен қатар өнерпаздардың музыкалық шығармашылығын дамытуға еңбегін сіңірген. Бақытжан Байқадамов соңына аса бай мұра 200 – ден астам жарқын да дарынды өнер туындыларын қалдырып кетті. Композитордың артында қалдырған мол мұрасы ұрпақтарына мәңгілік мұра болып қала бермек.