«Қайсар жүректі – білікті ұшқыш» атты танымдық кеш


Сырдария аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен жерлесіміз, қазақтан шыққан Сыр өңірінің алғашқы ұшқыш, қайсар жүректі азамат Жолдасбек Нұрымовтың туғанына- 105 жыл толуына орай № 210 мектептің жоғары сынып оқушыларының қатысуымен «Қайсар жүректі – білікті ұшқыш» атты танымдық кеші өткізілді. Шараның мақсаты: Қызыл Ту,1 –дәрежелі Отан және екі қызыл жұлдыз ордендері мен бірнеше меделдардың иегері, білікті ұшқыш, қайсар жүректі азамат, Жолдасбек Нұрымовтың өнегелі өмір жолымен кең көлемде таныстыру, жас жеткеншектердің Отанға, елге, жерге деген потриоттық сезімін ояту. Кеңес өкіметінің зобалаң жылдарында ғылым мен білімге құштар Жолдасбек Нұрымов аспан әлеміне қызығушылығы артып көп қиындықтармен Балашов қаласындағы ұшқыш даярлайтын авиациялық училишені ерекше дипломмен бітіріп, аталған оқу орынында ұшқыш инструктор ретінде қызмет атқарғанын айтып, Жолдасбек Нұрымовтың ұлы Отан соғысы кезінде елін, жерін қорғауда көрсеткен ерлік істеріне тоқталды. Қан майданда екі рет ауыр жараланып, елге аман- есен оралған Жолдасбек Нұрымов әуежайдағы кавказдық бұзақылар қолынан қаза тапқандығы жайлы айтылып, насихаттау.