Қанапия Телжановтың шығармашылық жұмысын насихаттау


Қалжан ахун модульді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстанның қыл қалам өнер шеберлерінің өскелең мәдениетіміздің мәртебесін биіктетіп, оған қосып жатқан қомақты үлесін, бейнелеу өнерінің белді өкілі, Қазақстанның халық суретшісі Қанапия Телжановтың шығармашылық жұмысын насихаттау жәнеде сан қырлы сырларды ішіне бүккен майлы болу картиналардын құпияларын таныстыру және олардың бойында өнерге деген қызығушылық пен суреттен көрген көріністен өз ойларын түйіндеп, ойлау қабілеттерін жетілдіру мақсатында өнер иесінің шығармаларымен өміржолын таныстыра отырып көрме экспозициялық таным кеші 13 маусым күні сағат 11 00 де кітапхананың оқу залында арнайы интерактивті тақтамен кітапхана оқырмандары арасында өтті. Таным кешінде кітапханашы өнер иесінің өмірімен шығармашылығына шолу жасай отырып оның «Атамекен», «Жамал», «Ән бастаушы», «Алғашқы», «Көкпар» т.б майлы бояулы картиналарының шығу тарихымен таныстырды.Суретшінің өмірімен шығармашылығына қызыққан оқушылар суретшінің шығармасы біздің музейлерде неге жоқ? нағыз туындыларын қайдан көруге болады триптих деген не оның жартысын қалай басқа жақ сатып алады неге суретші туралы жаң әдебиеттер шықпаған деген сұрақтар қойып өзара ойларын ортаға салып қызу пікір талас болды. Соңынан суретші туралы Марченко құрастырған альбомды оқырман Қуанышбаев Қайсар жаздырып алды.