«Қылқалам шебері» атты өнертану кеші


Асқар Тоқмағамбетов ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен кітапхана оқырмандары және ауыл тұрғындары арасында ҚР халық суретшісі Айша Ғалымбаеваның туғанына-100 жыл толуына орай «Қылқалам шебері» атты өнертану кеші өткізіліп, барлығы 15 адам қатысты.

Мақсаты:Қазақ ССР халық суретшісі, Ш.Уәлиханов атыңдағы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ әйелдерінің арасынан шыққан тұңғыш профессионалды суретші – Айша Ғалымбаеваның өмірі мен шығармашылығын насихаттау.