«Үштілділік заман талабы» атты сайысы


№1 филиал кітапханасының ұйымдастыруымен Үштілділікті насихаттау мақсатында «Үштілділік заман талабы» атты сайыс өтті. Сайысқа №36 мектептің 5 сынып оқушылары қатысты.Кештің мақсаты: оқушыларды үштілдлікке үйрету, тілдік қорын байыту, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, тіл мәртебесін көтеру. Кешті кітапханашы кіріспе сөзбен ашып, «Үштілдік заман талабы» атты тақырыпта сөз өрбітті. Одан кейін кітапханашы сайысқа қатысатын «Болашақ» және «Ақиқат» атты топтармен және қазылар алқасымен таныстырды. Сайыс 6 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде әртоп өз тобын таныстырды, екінші кезеңде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сұрақтар беріліп, әр топ жауап берді. Үшінші кезең әр топ басшыларымен жүргізіліп, сұрақтар берілді.сайыстың төртінші кезеңі «Ойлан тап» деп аталды. Бұл кезеңде қазақ тіліне байланысты сұрақтар берілді. Сайыстың бесінші кезеңі «Құпия сандық» деп аталды. Бұл кезеңде екі жұмабақ жасырылады және жауабтың қазақша,орсыша,шет тілінше нұсқада жауап берілді.сайыстың алтыншы бөлімі «Ойна да,ойлан» деп аталды. Бұл кезеңде жасырылған сөздерді шет тіліне аудару қажет. Сайыстың нәтижесінде «Болашақ» тобы озып шықты. Қазылар алқасы шара соңында сөз алып, осындай сайыстардың алда бола беруіне және оқушылардың білім деңгейін көтеруде ұйымдастырған жақсы шара екендігін атап айтты. Оқушыларға оқуда озат, Қазақстанның атын шығаратын үлкен азамат болып өсіңдер деген тілектестігін білдірді.