«Үштілділік- ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы» атты дөңгелек үстел отырысы


Сәкен Сейфуллин ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен Елбасымыздың Қазақстан Халқына жолдаған Жолдауындағы «Тілдердің үш тұғырлылығы» атты мәдени жобасын жүзеге асыру мақсатында «Үштілділік- ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы» атты дөңгелек үстел отырысы болып өтті. Мәдени шараға № 137 мектептің оқушылары, мектеп мұғалімдері және кітапхана оқырмандары қатысты.

Мәдени шараның өту мақсаты: Оқушыларды ана тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу. Қазақ тіліне деген ынтасын жандандырып,тілдерге құрмет көрсету болды. Кешті кітапханашы кіріспе сөзбен ашып, оқырмандарға үш тілділіктің қазіргі кездегі маңызы мен өскелең ұрпақтың үш тілді қазақ,орыс,ағылшын тілдерін жетік меңгеру керектігін айтып өтті. Шара барысында көп тілді оқыту-жас ұрпақтың білім кеңістігінде ерекше самғауына жол ашатын, ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін толықтыруына мүмкіндік беретін бүгінгі күннің ең басты қажеттілігі айтылды.Сондай-ақ кеште мектеп оқушылары өздерінің үш тілде сөйлеу қабілеттерін көрсетті.Қазіргі кезде үш тілділіктің маңызы зор, себебі қазіргі жаһандану заманы үш тілділікті қажет етеді-деп кітапханашы кешті қортындылады.