«Ұшқыр ойлы қаламгер»атты кітап көрмесі


Шіркейлі ауылдық модульді кітапханасының ұйымдастыруымен тұрақты оқырмандар арасында «Алаш деп ұрандаған ардақты ақын» атты «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында С. Торайғыровқа арналған әдеби портрет кеші өтті. Кітапханашы «Ұшқыр ойлы қаламгер»атты кітап көрмесі әдебиеттеріне шолу жасады. Мақсаты: Сұлтанмахмұттың өмірі мен шығармашылығына тоқталу, балалық шағы, білім алу жолдары, қызметі, алдына қойған мақсатқа жету жолын үйрету. Ақын шығармалары арқылы әдеби – теориялық білімдерін, өзіндік ой пікірін жүйелі жеткізуін, ойлау, салыстыру қабілеттерін дамыту. Оқушыларды ұлттық патриотизмге,оқу-білімнің маңызын түсіне білуге, жеке тұлға ретінде қалыптасуға тәрбиелеу. Оқырман- балабақша тәрбиешісі С.Әбдіразақова жазушының өмір-дерегімен таныстырды. Кітапхананың белсенді оқырмандары №129 мектептің 9-10 сынып оқушылары «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы» «Неге жасаймын?»атты өлеңдері жатқа оқылды.Шара соңында «Ұшқыр ойлы қаламгер»-атты кітап көрмесі жасалып, әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.