«Әлемді география арқылы таны» атты ойын сайысы


Сырдария аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Әлемді география арқылы таны» атты ойын сайысы аудан орталығында «Жасыл ел» бағдарламасымен жұмыс істеп жатқан студент жастармен өткізіліп, шараға барлығы 30 адам қатысты.

Шараны өткізу мақсаты: Жас ұрпақтарға туған жерінің табиғаты, өлкеміздегі жер-су атауларының шығу тегі жайлы мағұлматтар бере отырып, білімдерін көтеру. Отанға, туған жерге, тарихты білуге деген көзкарасын кеңейте отырып, потриоттық сезімін ояту.

Елбасымыз қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру мақсатында: «Туған жер», «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы»,           «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын ұсынды. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында Елбасы «Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы» деп атап өткен болатын. Шара барысында халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын, байлығын көздің қарашығындай сақтап, оны келер ұрпаққа жеткізу баршамыздың борышымыз екенді жайлы айтылып, «Әлемді география арқылы таны» атты ойын сайысына «Табиғат» және «Тіршілік» тобы қатысып, шара 4 -кезең бойынша өткізілді.

1 кезең: «Туған жер төсі – тұңған сыр»

2- кезең: «Қызықты география»,

3- кезең: «Білгенге маржан»,

4 -кезең: «Тапқыпқыр болсаң тауып көр»

Сайыскерлер 1-ші кезеңде «Туған жер төсі – тұңған сыр» атты тақырыпта өлкеміздегі жер-су атаулары, қоршаған орта табиғаты жайлы сұрақтарға      «Табиғат» тобы жақсы жауап берсе, «Қызықты география» атты екінші кезеңде мұхиттар, материктер мен өзен-көлдер жайлы сұрақтарға екі топ теңдей жауап берді, 3-ші кезеңдегі табиғат ғажайыптары жайлы сұрақтарға   «Тіршілік» тобы нақты және дұрыс жауап беріп жеңіске жетсе, «Тапқыпқыр болсаң, тауып көр» атты төртінші кезеңде сайыскерлер суретте көрсетілген бейнені дене қыймылымен көрсетуде екі топ тең түсті. Сайысқа белсене қатысып, тең дәреже көрсеткен, ауданның экологиялық тазалығына зор үлес қосып жүрген аудан жастарына пайдаланушыларға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Әсем апай алғысын білдірді.