«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты байқау


№2 филиал кітапханасының ұйымдастыруымен «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты оқушылар арасында байқау өткізілді.Мәдени шараға № 131 мектептің 5сынып оқушылары қатысып, барлығы 15 бала қатысты.Байқау үш кезең бойынша өтті. 1.Кезең –Өз-өзін таныстыру.( Үш тілде), 2.Кезең- Үштілдікке байланысты өлең оқу. (Мемлекеттік тілде), 3. Еркін тақырыпта эссе жазу. (Үш тілде )болды. Байқаудың өту мақсаты:Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, дүниетанымының қалыптасуына, ағылшын тілін оқытудың тиімділігін арттыру. Жас оқырмандардың сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту. Ана тілін сүюге,және өзге тілді ардақ тұтуға тәрбиелеу болды.Шараға оқушылар белсенді қатысып отырды. Қатысқан оқушыларға кішігірім сый- сияпат табысталды.Шараға «Үштілдік- тілдер тірегі» атты кітап көрмесі жасалып насихатталды.